Инфрақұрылымды дамыту

Шетелдік тасымалдаушыларға қазақстандық рұқсат беру формасы өзгертілді

ҚР а.ж. 9 айда жүріп өту рұқсатының болмауына байланысты 718 шетелдік көлік құралдары ұсталды. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 60 пайызға артық. Республикада жүріп өту ережелерін бұзумен күресу мақсатында шетелдік тасымалдаушылар үшін рұқсат берудің қорғаудың деңгейі жоғарылатылған жаңа формасы шығарылды, деп Көлік және коммуникация қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қазан , 10:48

«Рұқсат берудің жаңа формасы бұған дейінгі қолданыста бар 2 құжатты, яғни шетелдік тасымалдаушылардың  екіжақты тасымалын орындауға рұқсат беру мен үшінші елдерге және одан жүріп өтуге рұқсат беруге рұқсат беру құжаттарын, біріктірді», - деп хабарламада нақтыланған.

Жаңғыртылған рұқсат беру қорғаудың бірнеше деңгейіне ие: су іспетті белгілер, қорғау микроталшықтары, жеке штрих кодтары бар. Олар бланктерді бұмалауға жол бермейді. Мұндай фактілер бұған дейін негізінен Ресей, Украин және Түркияның тасымалдаушылары тарапынан кездесіп тұратын. Мұнымен қоса, бланктердің жаңа формаларында жыртылып алынатын бөлігінің болуы оларды қайтадан пайдалану мүмкіндігін болдырмайды.  

Бұған дейінгі қолданыстағы рұқсат берулер олардың жарамды мерзімі біткенге дейін қолданылады.

Шетелдік тасымалдаушылар тарапынан талап  бұзушылықтар санын азайту мақсатында, сонымен бірге отандық тасымалдаушылардың халықаралық автокөлік қызмет көрсету рыногындағы үлесін арттыру мақсатында шетелдік тасымалдаушылар үшін рұқсат беру бланктерінің болмауына байланысты айыппұл ұлғайтылды. Айталық, мұндай жағдайда жүргізушілерге айыппұл 25 АЕК (43 275 теңге), ал заңды тұлғаларға 500 АЕК (865 500 теңге) болып белгіленді.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика