Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

«Кәсіподақтар туралы» жаңа заң жобасы халықаралық стандарттарға сай болады – ЕХӘҚМ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кәсіподақтар туралы жаңа заң жобасы дайындалуда, деп хабарлайды ЕХӘҚМ еңбек және халықты әлеуметтік қорғауды бақылау комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов.
Астана қаласы29 Қазан , 10:23

«Кәсіподақтар туралы» Заң жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: жалпы еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы тапсырмасы бойынша іске асырылады.

«Жоба Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының техникалық көмегі арқылы жүзеге асырылуда. Заң жобасының негізгі тәсілдері Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясына ыңғайластырылған және кәсіподақтардың ұйымдасу құқын шектемейді», - деді А.Сарбасов.

Сонымен қатар, жаңа нормалар бойынша барлық кәсіподақтарға бір деңгей аясында теңдей құқықтық мүмкіндік беріледі.

А.Сарбасовтың айтуынша, заң жобасын редакциялау бір ғана ұйыммен шектелетін жергілікті кәсіподақ қызметін шектемейді, біріккен аймақтық кәсіподақтарда алғашқы кәсіподақ ұйымдарының ерікті бірігуіне мүмкіндік береді.

Айта кету керек, азаматтық заңнаманың жалпы ережесіне сай заңды тұлғалар ұйымдасқан-құқықтық формадан тыс өкілдіктері мен бөлімшелерін аша алады.

 

 




Яндекс.Метрика