Президент тапсырмаларының орындалуы

Қарағанды облысында бос жатқан жерлер игерілуде

Үміткер ауылдық округінде бос және қолданылмай жатқан жер телімін күзгі өңдеуден өткізу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды29 Қазан , 09:29

«2013 жылы Мемлекет басшысы тарапынан жер қатынастары саласындағы, әсіресе игерілмеген жер телімін қайтару бойынша мемлекеттік қызығушылық турасындағы ұйымдар жұмысын қайта қарау жөнінде тапсырма берілген болатын. Қазіргі уақытта Үміткер ауылдық округіндегі жалпы 22 мың га егіндік жердің тек 2 мың гектарына ғана егін себіледі. Ауыл шаруашылық саласын хаттау жұмысы барысында аталмыш ауылдық округтің өзінен 23,5 мың га жер телімін тиімсіз пайдаланылып жатқаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылыққа негізделген жер телімін тиімді пайдалану үшін жалға беруге арналған байқау барысында шамамен 19 мың га жер телімін Қарағанды өсімдік өсіру және селекция ғылыми-зерттеу институты жеңіп алды.

Сонымен қатар, хабарламада аталмыш кәсіпкерлік тарапынан алынған жер теліміне күзгі өңдеу жұмыстары басталып кеткені айтылады. Осы мақсатта «Джон Дир» маркалы заманауи техника мен трактор қолданылуда.

 




Яндекс.Метрика