Шағын және орта бизнесті дамыту

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Степногорск жылыжайларында бекіре өсіріледі

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Қазақстанның жылыжай кешендері» ЖШС Степногорск қаласында бекіре балықтарды өсіреді, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола28 Қазан , 19:45

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында трансформаторлық шағын орталықты  қайта қалпына келтіру есебінен өндірісте қуаттылық 4 мВт-қа дейін ұлғайтылды. Аталған серіктестік шағын көлемді технология мен аз отынды, бақылаудың автоматтандырылған жүйесі мен жылыжай микроклиматы және өсімдіктің құнарлылығы өлшемдерін бақылауды пайдалану арқылы өсімдік өсірумен айналысады», - делінген хабарламада.

Бүгінде Степногорлық өнімді Елорда, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары мен Ресей Федерациясының Омбы қалаларындағы сауда орындарынан табуға болады. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының қорытындысы бойынша кәсіпорын «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында жеңімпаз атанды.

 




Яндекс.Метрика