«Дүниежүзілік банктің Логистиканы дамыту индексінің мақсатты мәнін есепке ала отырып, біз өз алдымызға 2020 жылы әлемнің 155 елі арасында 40- орынға шығуды мақсат етіп қойдық. Ол үшін бізге 2015 жылға қарай рейтингтегі 86-орыннан 50-орынға шығуымызды тез арада қамтамасыз етуіміз қажет», - деді А. Мамин.
Сондай-ақ ол үстіміздегі жылы 410 млрд теңгенің инвестициялық бағдарламасы жүзеге асырылады деді. Бағдарлама 126 локомотивті, 4 172 жүк вагонын, 250 жолаушы вагонын жаңартуды және 726 км жолды күрделі жөндеуден өткізуді және жаңа теміржол желісін салуды көздейді. Сонымен қатар, машина жасау өнімін өндіру көлемі 2013 жылы 250 млрд теңгеге дейін жеткізілмек.