Инфрақұрылымды дамыту

Алматы қаласының әкімі Мемлекет басшысын қаланың инфрақұрылыс жобаларымен таныстырды

Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына қаланың жол инфрақұрылысының жобасын таныстырды, деп Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы28 Қазан , 19:00

«Алматының әкімі Мемлекет басшысына Әл-Фараби мен Розыбакиев  көшесіндегі қиылысты көрсетті. Қазіргі таңда көліктік байланыс жолы аяқталды, барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы басталды», - деп хабарламада нақтыланған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына Рысқұлов мен Саин даңғылының қиылысындағы байланыс жобасы, Төле би көшесі мен Қайырбеков көшесіндегі көліктік байланыс жүйесі таныстырылды. Құрылыстың аяқталуы 2015 жылдың желтоқсанында деп жоспарлануда.

«Жаңа байланыстың құрылысы жоспарлануда, олар көлік кептелісін азайтып, қозғалысты жеделдетеді», - деді Н.Назарбаев. Ол атап өткендей, кептелістің азаюы қаланың ластану дәрежесін төмендетеді.

Рысқұлов, Саин, Төле би  даңғылындағы көлік  байланысы қаланың қозғалысында белгілі бір жылдамдық деңгейін қалыптастырады.  Саин мен Рысқұлов көшесіндегі көліктік байланысты 3 деңгей бойынша салу жоспарланып отыр. Құрылыстың бастамасы 2013 жылдың 4 айналымында басталмақ. Төле би көшесіндегі алшақтаулар 1,9 шақырымды құрайды.

Ел Президентіне таныстырылған келесі нысан Райымбек-Әуезов көшесінің қиылысындағы Қалқаман шағын ауданындағы көліктік байланысы. Жоба 2 бұрылу арқылы салынуды көздеп отыр. Құрылыстың басы 2013 жылдың 4 айналымы жұмысты тапсыру 2014 жылдың желтоқсаны деп жоспарлануда.

Қала басшысы Фурманов пен Жансүгіров көшесіндегі көлік байланысының жоспарын да тілге тиек етті.

 




Яндекс.Метрика