Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанадағы НЗМ-да Катардағы Дүниежүзілік олимпиадаға ұсынылатын робот техникалары анықталуда

Бүгін Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізінде «Робот техникасы бойынша республикалық олимпиада – 2015» басталды. Өз жұмыстарын Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 90 команда ұсынды.
Астана қаласы18 Қыркүйек , 16:54

Олимпиада  робот тхникасының WRO (World Robot Olympiad)  Дүниежүзілік олимпиада тәртіптері бойынша 10-18 жас аралығындағы балалар арасында 2004 жылдан бері өткізіліп келеді.

«Балалардың әр түрлі прототипі жиналған, бұл теңіз және мұнай мұнарасы. Мен мұндай туындыларды олар қалай ойлап шығаратынына таң қалдым. Робот техникасы бізде жаңашыл бағыттардың бірі болғандықтан, биыл 170 бала ақпараттық технологиялар мен робот техникасымен байланыстырған саланы таңдап отыр. Сайыс балалардың кәсіптік бейімделуін де анықтайды», - деді «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚҰ басқарма төрағасының орынбасары Светлана Испусинова.

Биыл сайыс сегіз категория бойынша өтуде: Regular Elementary, Regular Junior High, Regular High School, Open Elementary, Open Junior High, Open High School, роботтар футболы мен студенттік категория. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 90 командадан тұратын 152 оқушы қатысуда.

С.Испусинованың айтуынша, жеңген командалар Қазақстан намысын осы жылдың қарашасында Катарда өтетін Дүниежүзілік олимпиадада қорғайды. Сайыс алдында Астана НЗМ арнайы дайындықтан өтеді.

«Өткен жылы сайысқа қатысқанымызда көптеген мәселелер түсініксіз болды, қазір тәжірибе бар, арнайы дайындалатын боламыз», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика