Технологиялар трансферті

Голландық инвесторлар Павлодар облысында ауыл шаруашылығының жаңа нысандарын құруды ұсынды

Нидерланды елінің делегаты Павлодар облысына жасаған сапарының барысында заманауи технологияны қолданған ауыл шаруашылығының жаңа нысандарын салуды ұсынды, деп деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар28 Қазан , 18:15

«Павлодар облысының әкімдігінде облыс басшылығы мен Нидерланды Королдігінің экономикалық кеңсесінің басшысы Вилко Роггенкампомен кездесу өткізді. Келіссөздер аясында заманауи сүт тауарының фермасын құру туралы жоба ұсынылды. Оған қоса, құс өндірісі саласы бойынша да жобалар алға тартылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Кездесу барысында голландық әріптестерге облыстың мамандары агроөндірістік сектор бойынша таныстырылымдар көрсетті.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика