Петропавл ЖЭС-і жылына 223,6 млн кВтс-ға артық энергия өндіреді

Петропавл ЖЭС2-де энергеияны 223,6 млн кВтс-қа көп өндіруге мүмкіндік беретін турбогенератор іске қосылды, деп хабарлады СҚО әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан23 Қыркүйек , 17:13

Салтанатты шараға СҚО әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. «СЕВКАЗЭНЕРГО» ЖЭС-2 « АҚ директоры Виктор Бармин аймақ басшысына жаңа турбинаның мүмкіндігімен таныстырып, автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысымен таныстырды. Одан кейін турбина іске қосылды», - делінген хабарламада.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов облыста энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мен дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатықанын айтты.

«2012 жылдан бастап Петропавл ЖЭС-2-де турбо және қазандық агрегаторларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қорытындысында қондырғы өндірістілігі ұлғайып, экологиялық көрсеткіштер жақсаруда. Жаңа турбоагрегатор ЖЭС-2 жұмысына тұрақтылық береді деп үміттенем», - деді әкім.

Жаңа қондырғының пайдалануға берілуі станция мүмкіндігін ұлғайта түседі.




Яндекс.Метрика