Жаңа кадрлық саясат

ҚР өңірлерінде мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті – ОСК

27 қазан күні республиканың 14 өңірінің 72 сайлау округінде мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті, деп хабарлайды Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова.
Казахстан28 Қазан , 16:58

«Астана қаласы мен облыстардың 18 депутаты, 18 қалалық мәслихаттың депутаты мен 36 аудандық мәслихаттың депутаты сайланды. Ұсынылған 244 кандидаттың 77-сі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер атынан шықса, қалған 167 кандидат өздерінше сайлауға қатысты. Сайлау бюллетенінде 185 кандидаттың аты-жөні қамтылды», - деп мәлімдеді Венера Жексембекова дүйсенбідегі брифингте.

Оның мәліметінше, бір депутаттық мандатқа орташа есеппен екі үміткерден келген. Сайлау шаралары 547 саулау учаскісінде өткізілді.

Сайлаушылардың тізімінде 478 мың 344 адам болды. Ал қатысқандар саны 338 мың 16 азамат. Сайлаушылардың тіркелуі республика бойынша 70,7%-ды құрады. Дауыс беру мен санау процедурасына 347 сенімді өкіл мен саяси партиялардың 281 өкілі, қоғамдық бірлестіктердің 209 өкілі және БАҚ-ның 76 өкілі қатысты.

«Сайланған депутаттардың қатарында ер азаматтар 52 адамды 72,2%), әйел азаматшалар 20-ны (27,8%) құрайды. Сайланғандардың орташа жасы 47. Барлық депутаттардың 67-сінің жоғары білімі бар. Мамандық бойынша инженерлер 19 (26,4%), экономистер 13  (18,1%), мұғалімдер 10 (13,9%), дәрігерлер 8 (11,1%), ауылшаруашылығы мамандары 5 (6,9)%, заңгерлер 5 (6,9%), басқа да мамандықтар бойынша 6 (8,3%), ал мамандықтарын көрсетпеген 1 (1,4%) депутат. Ал тағы 5 депутаттың орташа кәсіптік мамандықтары жоқ», - деді В.Жексембекова.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика