Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Мега-2» сауда-ойын-сауық орталығының жаңа ғимаратында болды

Қазақстан Президенті жалпы аумағы 77800 шаршы метрден астам заманауи 3 деңгейлі орталықты қарап шықты. Сауда-ойын-сауық орталығында 1000 орындық амфитеатр, сондай-ақ түрлі арт-инсталля́ция орналасқан, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы28 Қазан , 16:25

Ғимаратты қарап шыққаннан кейін Мемлекет басшысы БАҚ өкілдері үшін Алматыға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.    

«Өңірлерде, атап айтқанда, Алматыда болғанымда, мен адамдардың толыққанды тіршілігі және қаланың тиімді  дамуы үшін қажетті жаңадан салынған көлік және әлеуметтік нысандарды қарап шығамын. Ол анағұрлым көрікті әрі тіршілікке қолайлы бола түсуде. Басты проблема – экологиялық мәселе болып қалуда  – автокөлік көбеюде, кептелістер мен бөгелістер пайда болуда. Көліктік жол айрықтарын, жаяу жүргіншілер өткелдерін салу Алматының көлік проблемаларын шешуге бағытталған. Тек соңғы жылдары ғана 13 жол айрығы салынды. Келешекте бұл цифр 20-ға жетіп, оларды салу одан әрі жалғасын табады. Барлық салынған нысандар қаланы көрікті етіп, оны заманауи қалаға айналдырады», – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды отандық боксшылардың әлем чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын алуымен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл Қазақстан боксының зор табысы екенін, оның еліміздегі бокстың осы түрінің кеңінен таралуына оң ықпал ететінін атап өтті.          




Дерекнама

Яндекс.Метрика