Президент тапсырмаларының орындалуы

Қаржы министрі бос тұрған жайларға жүргізілген түгендеу жұмыстары туралы әңгімелеп берді

Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингіне қатысқан қаржы министрі Болат Жәмішев, мемлекеттік мекемелердің бос тұрған орын-жайларын түгендеу туралы Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы туралы әңгімелеп берді.
Астана қаласы28 Қазан , 16:18

«Біз 18,5 мың мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындардың орын-жайларына тексеру жүргіздік. Өзім жетекшілік еткен комиссия 567 мың шаршы метр орын-жай бойынша шешім шығарды. Оның ішінде, 47 мың шаршы метр жайды баланс ұстаушылардың қарауына қалдырдық. Бұл жерде асханалар, қоймалар және т.б. орын-жайлар туралы сөз болып отыр»,- деді Б.Жәмішев.

Ал қалған 520 мың шаршы метрге келер болсақ, оның 113 мың шаршы метрі балабақшалар, мини-орталықтар, мәдениет үйлері, мектептер, кітапханалар және т.б. с.с әлеуметтік нысандар үшін беру туралы комиссиялық шешім қабылданды. Ал 305 мың шаршы метр жай жекешелендірілуге берілетін болды»,- деп түйіндеді өз сөзін министр.

 

 




Яндекс.Метрика