Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Астанада «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша сауықтыру автосайысы өтті

Астанада денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік маңызды тапсырмасы бойынша және «Медицина қызметкерлерінің құқын қорғау» реапубликалық қоғамдық қоры тарапынан «Ауылдық жердердегі тұрғындардың қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алуда тиімді әдістерді енгізу» тақырыбында автосайыс өткізілмек, деп хабарлайды «Медицина қызметкерлерінің құқын қорғау» республикалық қоғамдық қорының баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қазан , 15:18

«Автосайыс Астана қаласының ІІД ЖПБ жол полициясы автопатрулінің бақылауымен өткізіледі. Шараға «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты қатысады. Автосайыста дауыс ұлғайтқыш құрал арқылы жол жүру тәртібіндегі қауіпті жағдайлар мен жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу жайында лекция оқылады», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, шараның басты мақсаты халық арасында қан айналымы мен эпидемиялық аурулардан келетін қауіптің алдын алуға шақыру.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметінше, 2012 жылы 100 мың халыққа шаққанда қан айналымы жүйелеріндегі ауруға ұшыраған халықтың саны 5258,3-ті құраған.

Халықтың аталмыш аурулардан хабарсыз болуы қауіптің алдын алуға кедергі келтіреді. Соның ішінде дер кезінде денсаулық сақтау қызметкерлеріне қаралмауға да жол ашады.

Автосайыс 29.10.2013 ж. сағат 11:00-де «Жастар» спорт сарайынан басталып, Республика көшесімен жалғасып, сағат 13:00-де «Думан» ойын-сауық орталығы жанында мәреге жетеді.

 

 

 




Яндекс.Метрика