Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру

Астанада «Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелері» атты семинар-тренинг басталды

Бүгін, 28 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Өңірлік хаб шеңберінде хабтың қатысушы елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары мен білім беру мекемелерінің басқарушы буыны үшін «Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинар-тренинг басталды, деп Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Қазан , 15:54

«Пилоттық семинар-тренинг жұмысына Хабтың 12 қатысушы елінің мемлекеттік қызметшілері мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысатын болады», - деп хабарламада нақтыланған.

Семинар-тренинг үш күн бойына өтеді және үш сессиядан тұрады: І. Мемлекеттік қызметтің адам ресурстарын басқарудағы инновациялар; ІІ. Қоғамдық есептілік және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат; ІІІ. Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалау.

Аталған іс-шараға тренер ретінде Онтарио Үкіметінің Министрлер кабинетінің Тиімділік және инновациялар жөніндегі вице-министрінің экс-көмекшісі Арт Дэниелс (Канада), Нидерланды Орталық Үкіметінің Жоғары мемлекеттік қызмет жөніндегі офисінің экс-бас директоры Ян Уилем Век, Нидерландының Орталық Үкіметінің жоғарғы мемлекеттік қызмет кеңсесінің (ABD) бұрынғы бас директоры Панос Ливеракос, және Ирландия Мемлекеттік қызметінің атқарушы билігінің экс-басшысы, BA&Associates консалтинг компаниясының басқарушы директоры Брайан Эндрюс қатысады.

Сабақтар мастер-кластар, талдау-пікірталастар, кейс әдісін және интерактивті білім беру технологияларын қолдану арқылы семинар-практикумдар, топпен жұмыс істеу түрінде өтеді.

Семинар-тренингті өткізу идеясы Канада, Нидерланды, Ирландия және Грецияның мемлекеттік қызмет жүйесін реформалауға қатысқан жетекші халықаралық сарапшылармен бірге мемлекеттік қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады. Семинар-тренингтің бағдарламасына халықаралық тренерлердің сабақтарымен қатар Өңірлік хаб мемлекеттік органдары өкілдерінің баяндамалары енгізілген.

Семинар-тренингтің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.М. Байменов, БҰҰ ДБ тұрақты өкілі Стивен Тулл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С. Абдрасилов, шетелдің жиырмадан аса елшілері мен өкілдері, сонымен қатар ЕҚЫҰ, Еуроодақ, USAID секілді халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

 




Яндекс.Метрика