Президент тапсырмаларының орындалуы

Қаржы министрі мемлекеттік сатып алулар жүйесін жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды атады

Әлеуетті жеткізушілер үшін жетіспейтін құжаттарды 3 күнтізбелік күн ішінде жеткізу немесе конкурсқа қатысуға берілген, дұрыс толтырылмаған өтінімді қайта өзгерту құқығы беріледі, бұл туралы бүгін Астанада өткен ОКҚ брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлады.
Астана қаласы28 Қазан , 15:23

«Бұл түзетулер конкурстардың болмай қалуын, әлеуетті жеткізушілердің өз бағаларын ұсыну барысындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды қысқартып және бәсекелестікті арттырады деп ойлаймыз. Бүгінгі күнгі маңызды мәселелердің бірі – тапсырыс берушінің сапасыз тауар мен қызмет түрін сатып алуы болуда.

 Осыған байланысты, мынадай жаңалықтар ұсынылуда: әлеуетті жеткізуші өз өтінімінде ұсынған техникалық спецификацияды бағалау кезінде сараптамалық комиссия (тапсырыс беруші құрған) ең үздік тауардың, (жұмыстың, қызмет түрінің) техникалық спецификация іріктеп алып, әлеуетті жеткізушілер оған өз баға ұсынысын беретін болады. Аталған түзетулердің нәтижесі ретінде тапсырыс берушінің тауарды/қызметті тиімді сатып алуы және жеткізушілерді бұдан да сапалы тауарларды (жұмыстарды, қызметті) ұсынуға ынталандыру болмақ.

Бұдан басқа, конкурстық және аукциондық комиссиялардың жеңімпаз жеткізушіні таңдаудағы құқықтық біліктілігінің жеткіліксіздігі арқылы көрініс табатын кәсіпқойсыздықтарымен байланысты тәуекелдерді болдырмай мақсатында мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысын құру көзделуде», - деді министр.




Дерекнама

Яндекс.Метрика