Президент тапсырмаларының орындалуы

Еліміздегі алкоголь өнімдерінің айналымы жөніндегі заң жобасы Парламентте 2013 жылы қарастырылады – Б.Жәмішев

Үкімет алкоголь өнімдерінің айналымы туралы заң жобасы 2015 жылы емес, алғаш бекітілгендей биылғы жылы қабылданбақ, деп мәлімдеді Қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингісінде.
Казахстан28 Қазан , 15:16

«Заң жобасын біз ұзақ уақыт дайындадық. Мемлекет басшысының алкогольдік лобби жайында айтқанынан кейін Үкімет алкоголь өнімдерінің айналымы туралы заң жобасын 2015 жылы емес, алғаш бекітілгендей биылғы жылы қабылдайтын болды. Жоба қазірдің өзінде Қаржы министрлігі тарапынан дайындалып қойылды, біз бұған толықтай дайынбыз», - деді министр.

Оның айтуынша, заңның аталмыш жобасы алкоголь өнімдерін сату, сатылатын жерді анықтауды реттеуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 11 қазанындағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Н.Назарбаев:«Мен алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауды күшейтуге нақты тапсырма бердім. Осы мақсатта әлеуметтік жаң жобасы да дайындалды. Алайда қазір осы заңның күшіне енуі 2015 жылға шегеріліп отыр», - деп мемлекеттік шенеуніктерге ескерткен.

Алкоголь өнімдеріне келер болсақ, Қаржы министрлігі «күшті алкоголь өндіретін зауыттардың салмағын реттеу керектігін» айтады. 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика