Жастарға үндеу

«Жас Отан» Елбасы Жолдауын талқылау бойынша Skype-конференция өткізді

Сенбі, 15 желтоқсан күні «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Президентінің Халқына Жолдауын талқылау бойынша Skype-конференция өткізді.
Астана қаласы15 Желтоксан , 00:00

Skype-конференцияға «Жас Отан» ЖҚ Орталық Кеңес мүшелері, 14 облыс және Астана, Алматы қ.қ атқарушы хатшылары, сонымен бірге Жас отанның аймақтық белсенділері қатысты.
Бұл Skype-конференцияда «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің жастарын біріктіруші орталық ретінде, Елбасы өз Жолдауында айтылған міндеттері мен идеяларын жүзеге асыруда Қазақстан жастарын жұмылдыру және біріктіру механизмдерін ұсынды.
«Президент Жолдауы еліміздің дамуындағы негізгі стратегиялық құжат және біз жастар, Жолдаудағы идеялардың іске асырылуына барлық күш жігерімізді салып, Көшбасшымыздың үлкен сенімін, ақтауымыз қажет» — деп «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Сыдықов Нұрлан өз сөзінде атап өтті.
Skype-конференцияның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының Жоспары қабылданып бекітілді.




Яндекс.Метрика