Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-да мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын құру қаралды – Қаржы министрлігі

ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған заңда мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын құру қарастырылды, деп мәлімдеді Қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің апта сайынғы брифингісінде.
Казахстан28 Қазан , 12:58

«Сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы мемлекеттік орган. Алайда шешім әлі қабылданбады. Бұл келешекте Қаржы министрлігі жанындағы барлық мемлекеттік органдардың өтініштері мен құжаттарын қабылдайтын комитет болады», - деді Болат Жәмішев.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бюджеттік бағдарламалардың орындалмай жатқанының басты себебі мен мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі оның не себепті тиімсіз екенін түсіндірген. «Мемлекеттік органдар «сырттан қатысатын» мердігерлердің ат салысуына мүмкіндік бермейтін тендерлерді өткізеді, - дей келе, - Сонымен қатар мемлекеттік орган басшылары сатып алу кезінде өздерін алшақтатып, жауапкершіліктен жалтарады».

Осы себепті Мемлекет басшысы әкімдер мен орталық мемлекеттік орган басшыларына тендерлік комиссияны өздері бақылауда ұстауға және мемлекеттік қаражаттың жұмсалуында толықтай жауапкершіліктеріне алуды бұйырды.

Қаржы министрі атап өткендей, мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу фактілерін анықтап қана қоймай, сондай-ақ оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту бойынша да тиісті жұмыс жүргізілуде. 

«Ағымдағы жылы жіберілген ұсыныстар негізінде мемлекеттік сатып алудың 279 рәсімі қорытындысының күшін жою және қайта қарау жолымен заңбұзушылықтар жойылды. Сотқа байқау қорытындыларының күшін жою және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 343 талап-арыз және құқық қорғау органдарына 88 материал жіберілді», - деді Болат Жәмішев.

Министр хабарлағандай, биылғы жылы мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзған 1351 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде 13 лауазымды тұлға қызметінен босатылған.

«662 лауазымды тұлғаға қатысты 60,1 млн теңге сомасында әкімшілік төлем салынды, оның 42, 4 млн теңгесі бюджетке қайтарылды», - деп толықтырды ол.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика