Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіру

ҚР Сенатының Қаржы және бюджет комитетінде кедендік баж салығы туралы заң жобасы қаралды

Бүгін, 28 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінде кедендік баж салығы туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қазан , 13:01

«ҚР Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінде «2008 жылдың 12 желтоқсанындағы Бірыңғай кедендік тариф төлемінен бөлек жағдайда кедендік баж салығын салу реті мен шарты туралы Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Хаттамасын ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы қаралды», - делінген хабарламада.

Хаттама 2012 жылдың 24 тамызында Мәскеуде қол қойылған. Аталмыш заң жобасы негізгі Хаттаманың 2011 жылдың 18 қарашасындағы Бірыңғай экономикалық комиссия туралы келісімшарт нормаларына сай келуді қарастырады, соның ішінде Кедендік одақ комиссиясының күшін жойып, ол құзіретті Еуразиялық экономикалық комиссияға өткізуге бағытталған.

Заң жобасы палатаның қарауына тапсырылды.

 

 




Яндекс.Метрика