Инфрақұрылымды дамыту

Астанада өнеркәсіп құрылысы бойынша өтетін Корей-Қазақстан форумында интеллектуалды инфрақұрылым жобалары таныстырылады

Астанада 29 қазан күні «Өнеркәсіп құрылысы бойынша өтетін Корей-Қазақстан форумы» өтеді. Екі жақты ынтымақтастықты дамыту үшін Корей Республикасының мемлекеттік жер министрлігі Корей елшілігімен бірігіп Қазақстанда «Өнеркәсіп құрылысы бойынша Корей-Қазақстан форумы» өткізеді, деп Қазақстандағы Корей Республика елшілігінің баспаөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Қазан , 12:51

«Белгілі болғандай, корейлік компания құрылыс саласы бойынша үлкен тәжірибеге ие. Осы орайда Корей-Қазақстан форумында Корей Республикасы Қазақстан тарапына Есу қаласында өткен ЭКСПО-2012-де қолданған тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар, энергияның баламалы көзі бойынша тәжірибе қолдану, баспана құрылысы бойынша іс-әрекеттерді қалай жүргізу бойынша бірқатар жұмыс жүргізіледі», - деп хабарламада нақтыланған.

Қазақстандық тараптан Көлік және коммуникация министрлігі және өзге де құрылыс акционерлік қоғамы мен компаниялардың сарапшы мамандары құрылыс саласы бойынша өз материалдарын алға тартатын болады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика