Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Дзюдодан халықаралық турнир мәресіне жетті

26 қазанда ҚР-ның еңбек сіңірген бапкері А.Айдархановты еске алуға арналған «Магнитка алаулары»атты дзюдодан жыл сайынғы турнир аяқталды. Турнирдің нәтижесі бойынша Астана құрамасы жалпы есепте көш басына шықты.
Казахстан 28 Қазан, 10:59

«ТМД-ның 9 елінен 9 салмақ дәрежесі бойынша спортшылар шаршы алаңға шықты. Жалпы  командалық  көрсеткіш бойынша, Астаналықтар көш бастап, екінші орынды Украина  құрамасы еншіледі. Ресей спортшылары үздік үштікті түйіндеді», - делінген хабарламада.

Чемпион команда өкілдерінің айтуынша, бірінші орынға қол жеткізу көп еңбекті қажет еткен. Осыған қарамастан топ жару олар үшін күтпеген қуаныш болған.

«Мен «Магнитка алаулары» турниріне төртінші рет қатысып отырмын. Соның бәрінде кем дегенде екінші орыннан көрініп келемін. Ал бүгін қола жүлдеге қол жеткіздім. Бұл жарысқа өз дәрежесінде дайындалдым дей алмаймын, әр жеңіс пен жеңіліс мен үшін сабақ. Бар мақсатым көк байрақты көкте желбірету. Енді талмай еңбек етуіме тура келеді», - дейді турнирдің қола жүлде иегері теміртаулық Ерғали Ілияс.

«Жыл сайын қатысушылардың қарасы артып келеді, бұл дегеніңіз спортшылардың шеберліктерінің артқанының көрінісі. Демек, спорттың қоғамдағы рөлі де арта түскен», - дейді Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Қожабеков.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика