Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

Астана мен Алматыда 2015 жылы әлемдік деңгейдегі коледждердің құрылысын жүзеге асыру жоспарлануда

Ағымдағы жылдың 21-25 қазан аралығында «Кәсіпқор» холдингінің өкілдері Ұлыбритания мен Австарлия елдерінің мамандарымен Астана және Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждердің құрылысын жүргізу жайын талқылады, деп золдингтің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан28 Қазан , 10:52

««Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ 21 - 25 қазан аралығында шетелдік әріптестермен мақсаты келешек ынтымақтастық мәселелерін талқылау болып табылатын кездесулер өткізді.  Аталған кездесулерге TAFE Directors Australia Inc.(Австралия), Pearson Education Ltd. (Ұлыбритания), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ,Polygon International, «Astana Best Travel» ЖШС, «Қазақстандық IT-компаниялар Ассоциациясы» ЗТБ,«Белкамит» АҚ, «BI-Group» ЖСШ, Ұлттық Телекоммуникация Ассоциациясы, «Континент Инвест Групп» Холдинг» ЖШС, «Базис» ҚК» ЖШС, «High Vill Service» ЖШС, «Целингидромаш» АҚ, Қазақстан Туристтік Ассоциация  өкілдері және Холдингтің басқа да қоғамдық әріптестері, ҚР БҒМ мен РҒӘО өкілдері, Холдинг қызметкерлері қатысты. Кездесулер «Кәсіпқор» Холдингі кеңсесінде, сондай-ақ, әріптестер территориясы базасында өтті», - деп хабарламада нақтыланған.

Холдингтің шетелдік әріптестерінің бірі TAFE  (Technical and Further Education) – Австралиядағы ірі оқу орны болып табылады. TAFE дипломы бүкіләлем бойынша жұмысқа тұру мүмкіндігін береді.  TAFE бірлестігінің барлық мүшелері Австралия Достастығымен бекітілген тіркелген оқу орындары болып табылады. TAFE Холдингтің Астана және Алматы қалаларындағы Құрылыс және АКТ мектептері бойынша шетелдік әріптесі ретінде таңдалған.

Холдингтің Астанаға іссапармен келген кезекті шетелдік әріптесі – Pearson (Ұлыбритания) әлемнің 85-тен астам елімен жұмыс істейді және қазақстандық колледждерді әлемдік стандарттарға сәйкес сертификаттауға құқығы бар. Әлем бойынша  400-ден астам оқу орындары бар және 1000-нан астам ТжКБ орындарымен ынтымақтасады. Бұл мекеме жаңа біліктілікті толық жобалауымен танымал. Pearson Холдингтің Астана және Алматы қалаларындағы Инженерия, Мейманхана ісі және Туризм мектептері бойынша шетелдік әріптесі ретінде таңдалған.

«Кәсіпқор» Холдингінің шетелдік және қазақстандық әріптестерімен кездесулері өте мазмұнды, әрі тиімді өтті. Колледждер макеттері мысалында құрылыс жоспарлары жете қарастырылды, қазіргі кездегі құрылыс мәселелері, тәжірибе алмасу және Қазақстандағы ТжКБ реформалау мәселелері талқыланды.

 «Кәсіпқордың» әр қызметкері шетелдік әріптестерге жеке өздері сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Холдинг қызметкерлерімен кездесулер кезінде TAFE және Pearson колледждерінің қызмет сапасын бағалау жүйесіне қатысты мәселелерді, түлектердің жұмысқа орналасу мониторингі, болашақ колледждерде қашықтықтан оқуды ұйымдастыру мүмкіндіктері, әріптес колледждерді таңдау мәселелері талқыланды. Pearson өкілдері Andrew Taylor мен Mark Woodcock әріптес колледж таңдау мәселесіне қатысты колледждерді таңдаудың нақты өлшемдерін белгілеп, колледждің әріптестікке дайындығын анықтау қажет және ықтимал әріптес колледждің Холдингпен көзкарастары мен мақсаттары ұқсас болуы тиіс екендігін атап өтті. Ал Индустриалды Кеңестің рөлін анықтауға қатысты нарықтың ірі ойыншыларын тарту керектігін белгіледі.

Кездесу кезінде Холдингтің «Континент Инвест Групп» Холдинг» ЖШС және «Белкамит» АҚ сияқты қоғамдық әріптестерімен скайп-конференциялар ұйымдастырылды. Келіссөздер кезінде Қазақстандағы ең көп талап етілетін техникалық мамандарды дайындау, Астана және Алматы қалаларындағы колледждер түлектерін жұмысқа орналастырудың жоғары процентін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөздерінің бірінде «Қазір бізде тиімді кәсіби-техникалық білім беруді қалыптастыру мәселесі шешілуде. Жақын арада кемінде 2 әлемдік деңгейлі колледждер құруымыз керек. Біз бастадық» деген.




Яндекс.Метрика