Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Таразда Төле бидің 350 жылдығына орайластырылған мерекелік шаралар өтті

Төле бидің 350 жылдығына орайластырылған мерекелік шаралар үлкен қоғамдық сипатқа ие болды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы.
Жамбыл28 Қазан , 10:52

«Тараз қаласының орталығында Төле бидің 11 метрлік қола мүсіні қойылды. Ескерткіштің ашылуына мыңдаған халық келіп қатысты», - делінген хабарламада.

Дана би ескерткішінің ашылу салтанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Өз сөзінде әкім бұл күннің Төле бидей дана, қара қылды қақ жарған биді еске алатын үлкен мереке екенін айтты.

Хабарламада айтылғандай, абыз бабаның 350 жылдығын тойлау қарсаңында «Төле би жәнее оның ұлағатты мұрағаты» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Осы күні «Баласағұн» орталық концерт залында «Төле бидің қасиеті мен өсиеті» атты республикалық поэтикалық байқаудың қорытындысы жарияланды. Аталмыш байқауға республиканың түкпір-түкпірінен 63 ақын қатысқан.

Сонымен қатар, облыстық қазақ драма театрында «Төле би» қойылымы көрсетілді. Ал орталық стадионда бұл уақытта «Даналық көзі» театрландырылған қойылым мен мерекелік гала концерт өтті.

Бұдан бөлек мерекелік шараның қатарында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастыру да қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика