Президент тапсырмаларының орындалуы

Қарағанды облысында республика бойынша тұңғыш стереотаксикалық гамма-хирургия орталығы ашылады

Қарағанды облысында республика бойынша тұңғыш стереотаксикалық гамма-хирургия орталығы ашылады, деп Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Төлеген Сәдуақасов мәлімдеді.
Қарағанды28 Қазан , 10:30

«Ағымдағы жылы біз жаңа технология бойынша кесірлі және кесірсіз ауруларды емдеуді жүзеге асыру бойынша  мемлекеттік-жеке серіктестік айналысуда. Бұл  стереотаксикалық орталық республикада тұңғыш рет ашылайын деп отыр. Қазақстанда мұндай технология бұрын-соңды болмаған. «Гиппократ» медицина фирмасымен бірігіп бұл жобаны 2 жыл бұрын дайындау басталған болатын», - деді Т. Сәдуақасов.

Жалпы, жетекшінің айтуы бойынша Қарағанды облысы халқының денсаулық көрсеткіші оңалып келеді.

Айта кетейік, 11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау саласына қомақты қаржының бөлініп жатқандығын атап өткен болатын.

Мемлекет басшысы мемлекеттік-жеке серіктестік ынтымақтастығының жұмысы төмен дәрежеде екенін де тілге тиек етті.
 

 




Яндекс.Метрика