Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Ақтөбеде Әуе қорғаныс институты 167 ұшқыш пен инженерді дайындап шығарды

Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс күштері институының 167 түлегі жоғары білімдімаман атанып, диплом алып шықты. Олардың бірі – ұшқыш, енді бірі –авиациялық-инженер мамандығын алғандар. Еліміздің Қарулы күштеріне кәсіби кадрдайындайтын институттың бұл – 16-шы түлектер, деп хабарлдайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе28 Қазан , 10:26

Институт базасы 1974 жылы ұшқыштар дайындайтын училище болып құрылған еді. Сол кездері 5 мыңнан аса маман даярлап шығарды.  Олардың көбі шет мемлекеттермен ТМД елдерінде еңбек етіп жүр. 2003 жылы училище институт болып қайта құрылды. Жыл санап техникалық базасы нығайтылып, жаңа үлгідегі ұшақтармен  тікұшақтар әкелінді.

Өткен жылы ғана су жаңа 8 ұшақ және ұрыс жаттығуларын орындауға арналған «Л-39» ұшағы алынды. 2006 жылдан бастап, келісімшарт бойынша шет мемлекеттерге ұшқыштар дайындайды. Елімізде ұшқыш-инженер мамандығына қызығушы жастардың қатары артып келеді. Биылғы оқу жылында институтқа 500 түлек құжат тапсырса,олардың 100-і ғана қатаң іріктеуден өткен. 

«Бұл түлектер төрт жыл бойы барлық сынақтардан өтті. Әскери өмірдің қиындығына мойыған жоқ, қарсы тұра білді. Олардың Қарулы күштер қатарында адал қызмет етіп, офицер атына лайық боларына сенемін», -дейді Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері институты басшысының орынбасары Қасымбек Кенжебаев.

 




Яндекс.Метрика