Президент тапсырмаларының орындалуы

Алматы облысы жылыжайларының тең жартысы «ҚазАгро» қолдауымен салынды

Алматы облысы жылыжайларының 52 пайызы «ҚазАгро» қолдауымен салынды, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Алматы28 Қазан , 10:35

«Аймақта  жалпы алаңы 53 гектар жылыжай жұмыс жасайды, олардың 27,8 га немесе 52%  «ҚазАгро» АҚ-ның қатысуымен салынған жоғары технологиялы нысандар», - деп хабарламада нақтыланған.

Ағымдағы жылы бірінші дақыл айналымында 7350 тонна балғын көкөніс өндірілді.

Қосымша алаңы 8,9 га жылыжайдың құрылысы жүргізілуде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «ҚазАгро» компаниясының жұмысы туралы сын айтқан болатын.  

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика