Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Қазақстандық сақтандыру компаниясы Италиядағы ірі машинақұрылыс холдингінің қайта сақтандыруына қатысу мүмкіндігін қарастыруда

«Еуразия» СК» АҚ Италиядағы Finmeccanica S.p.A ірі машинақұрылыс холдингін қайта сақтандыруына қатысу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан 28 Қазан, 09:54

«Сақтандырудың жалпы құны 19 млрд еуродан астам. Келісімшарт жобасы бойынша, Италия, АҚШ пен Ұлыбритания секілді елдерде компанияның мүлкі жарияланбайды. Аталмыш топқа тиесілі нысандар, қондырғылар мен техника сақтандырылған», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Finmeccanica S.p.A. холдингі Италиядағы алдыңғы қатарлы машинақұрылыс компаниясының бірі. Холдингтің құрылымдық бөлімшелері қорғаныс, энергетика, тікұшақ құрылысы, телекоммуникация мен транспорт салаларында тапсырыстарды орындайды. Компания жоғарғы технология өнімдерін шығарады, соның ішінде аэрокосметикалық және қорғаныс салаларында, қауіпсіздік саласында өнімдер өндіреді. Аталмыш топ тікұшақ, электроника мен аэронавтика мен қауіпсіздік жүйесіне бағытталған.

Компанияның штаб-пәтері Италияда, ал 100 шақты елде кеңселері бар. Finmeccanica акциясының шамамен 30%-ы Италия үкіметіне тиесілі. Қазіргі уақытта Finmeccanica S.p.A Италияда негізделген жоғарғы технология саласындағы екінші өндірістік тобы саналады. Топ ұлтаралық сипатта болғандықтан әлем бойынша 350 компания, біріккен кәсіпкерлік, өнеркәсіптік біріккен және әріптестік жобаларға иелік етеді. Сонымен қатар холдингтің өзінің жеке зерттеу орталығы бар.

 





Яндекс.Метрика