«Сыбаға» бесжылдық бағдарламасының жүзеге асырылғанынан бастап «ҚазАгро» қоры малшыларға 800 млн теңгеден астам жеңілдетілген несие берді. Аталмыш қаражатқа шамамен 5 мың сиыр мен асыл тұқымды бұқа алынды. Жыл басынан бері 70-тен астам шаруашылық 400,5 млн теңгеге 2,5 ірі қара мен 142 бұқа сатып алды», - дейді Т.Дүйсебаев.
Басқарма бастығының айтуынша, қазіргі уақытта облыстың Қазалы ауданында алынған түлікті бағатын қора салынуда.