Президент тапсырмаларының орындалуы

2008 жылдан бастап Астанада 140 шақырым жол төселді

Астанада 2008-2013 жылдар аралығында 140 км жол төселді, деп Астана қаласының жолаушылар көлігі мен автожолдар басқармасының жетекшісі Р. Аманжолов мәлімдеді.
Астана қаласы28 Қазан , 09:40

«Астанада 2008-2013 жылдар аралығында 140 км жол төселді. Қайта жөндеуден 87,3 км жол өтті, оған қоса 76,2 тұрғындар көп қоныстанған аймақта 4 көпір салынып, 3 трантспорттық байланыс орнатылды. Бүгінгі таңда Астана қаласының көлік байланысы 902 км құрайды, оның 324 км жол асфальттық жабындысыз реттелген», - деді Р. Аманжолов.

Айта кетейік, 11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шығынның көптігіне қарамастан тас жолдар оңалмай, сын көтермейтіндігін айтып өткен болатын. Жолдар салынбай жатып жөндеу қажетсінетіндігін баса айтқан.

Сонымен қатар, Астанада асфальтқа бетон таңдау үшін зерттеу жұмыстары жүргізілген. Зерттеу барысында Көлік және коммуникация министрлігі, құрылыс бойынша агеттік өкілдерімен ақылдасып ұсыныстар қабылданды.

«Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттарды дайындау кезінде қабылданғандай жолдың үстіңгі қабатын ұсақталған тасты асфальт бетонына төсеу жоспарланып отыр. Бұл жарықтардың пайда болуын азайтады. Қайта жөндеуді көп уақыттан кейін бірақ қажет етеді», - деп Р. Аманжолов атап өтті.

 




Яндекс.Метрика