Инфрақұрылымды дамыту

ҚР-да 2013 жылдың 9 айы бойынша машина өндіру саласының өнімі мен қызмет түрі 571 млрд теңгені құрады – ИЖТМ

ҚР-да 2013 жылдың алғашқы 9 айында машина өндіру саласы өнімі мен қызмет түрін 571,9 млрд теңгенің, деп хабарлайды Қазақстан Индустрия Даму Институтының баспасөз қызметі.
Казахстан28 Қазан , 09:27

«Өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда салыстырмалы өсім көлемі 114,7 млрд-ты құраған. Бұл өндіріс көлемі көрсеткішінің айтарлықтай жоғарылағанын көрсетеді», - делінген хабарламада.

Инситуттың мәліметінше, аталмыш саланың құрамында қондырғылар мен машиналарды жөндеу мен орнату қызметтері жалпы өндірістің 40%-ын құрайды. Транспорттық құралдары өндіру, соның ішінде автомобиль болса 35% көлемінде.

Хабарламада айтылғандай, саланы тұрақты дамытуды ұстап тұру үшін өндіріс орны транспорттық машинақұрылысы саласында қызмет пен өнім түрлерін жаңалап отыруға мән береді. Биылғы жылғы көрсеткіш бойынша кәсіпорнның ай сайынғы орташа өндіріс көлемі 419 млн долларлық өнімді құрайды.

Саланың негізгі өндіріс орындары республиканың солтүстік-шығыс аймақтарына (ШҚО, Павлодар облысы, Астана қаласы) тиесілі. 

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика