Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Алматыда «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Алматыда «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі 7-ші мәрте ұйымдастырылып отыр, оған «Бауыржан» ҚҚ қолдау көрсетіп келеді, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы 28 Қазан, 09:25

«Бұл кеште қараусыз қалған жандарға жыл бойы қайырымдылық көрсетіп, адамгершілігі мен жылуын өзгеге сыйлаған жандар ұлықталды», - деп хабарламада нақтыланған.

Марапаттау рәсімі 11 номинация бойынша өтті. «Жетім балаларға көмек көрсеткені үшін» номинациясын «Нұр» отбасылық қайырымдылық қорының директоры Тұяқ Есқожина иеленді.

Қызылорда қаласының «Нұрай» компаниясы «Білім беруді қолдау» номинациясын ұтып алды. Кәсіпкер Ғалымбек Құнапияұлы «Мүгедектерге қолғабыс» номинациясы бойынша үздік атанды. «Алтынтау Кокшетау» компаниясы «Спортты дамытуға қолдау көрсеткені үшін» номинациясын жеңіп алды.  Қоғамдық кәсіпкер Болат Өміралиев «Ардагерлерге қолдау көрсеткені үшін» номинациясының лауреаты атанды.

Жыл меценаты болып «АШК» компаниясының директоры Есімхан Жанабаев. Ақпаратттық қайырымдылықпен айналысу жағынан «Астана ТВ» жеңіп алды.

«Менің ойымша, сенде мүмкіндік болып тұрғанда көмек көрсету керек. Мен осы номинацияны алғанда таң қалдым. Барлық номинанттар  өз атақтарына лайық деп есептеймін және олардың барлығын «алтын жүректі» деп атауға болады», - деді лауреат Ғалымбек Құнапияұлы.

 

 





Яндекс.Метрика