Адам капиталын дамыту

ҚР-да 2030 жылға қарай спортпен белсенді айналысатын халықтың саны 40%-дан кем болмайды

Казахстан27 Қазан , 12:00

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Президент: «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің негізгі тапсырмасы болуы керек. Салауатты өмір салты ұлт саулығының кепілі» деген болатын. Осы орайда биылғы жылдан бастап Үкімет жергілікті атқарушы билік өкілдеріне аймақтарда дене шынықтыру, бұқаралық спортты дамыту мен спорт нысандарын салуға тапсырма берді.   Қазіргі таңда жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатпен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысының жобалары қолға алынып жатыр», - деді ҚР Дене шынықтыру және спорт Агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов.

Агенттік қаржыландыру механизмін енгізуге бөлінген қаржыландырудың республикалық бюджеттен 70%-ын, жергілікті бюджеттен 30%-ын бөлді. Аталмыш құрылыстар 2014 жылдан басталмақ.

Келер оқу жылының соңына дейін білім беру мекемелеріндегі жаңа нормативтер жобасының жетілдірілуі мен олардың оқушылар мен студенттердің қолдануына өткізу жоспары қаралмақ.

Денсаулық сақтау және Білім және ғылым министрлігімен біріге отырып, халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған шараларды жетілдіру мақсатында алғаш рет халықтың дене шынықтыру дайындығына мониторинг жасайтын жүйе енгізілмек. Бұл жағдайды сараптама жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, елдің барлық азаматтарының денсаулығын күшейтуге бағытталған шараларды орындауға жағдай жасайды.

«Сонымен қатар биылғы жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң жобасы Үкіметтің қаралуына ұсынылды. Бұл заңның қабылдануы аталмыш саладағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек. Айта кету керек, алдын ала болжамдар бойынша 2030 жылдарға таман халықтың кемінде 40 пайызы спортпен айналысатын болады. Соңғы үш жылда спорттық шаралар мен спортық нысандарды салуда көптеген еңбектер атқарылды. Соның ішінде кәсіби спортшыларды дайындау мен қарапайым халықты бұқаралық спортқа тарту шаралары да бар. Жыл санап елімізде спорттық-бұқаралық шаралардың өткізілуі жиілеп келеді. Аймақтарда жергілікті халықтың спортпен айналысуына барлық жағдайлар қарастырылуда. Мысалға, 2011 жылы шамамен 17 мың спорттық-көпшілік шаралар өткізілсе, 2012 жылы 3 млн 600 мың адамның қатысуымен 18 мыңнан астам шара ұйымдастырылған. Осы уақытта спорттық ұйымдар саны да 553-ке артып 24604-ті құраған. Ондағы дене шынықтырумен айналысатын халық саны 3 648 713 жеткен», - деді Е.Қожағапанов.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика