Білім мен кәсіби машық

Назарбаев университетінде IT саласы бойынша студенттер арасында жарыстың ширек финалы өтті

Бүгін Назарбаев университетінде ACM ICPC - студенттік командалар арасында бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының қазақстандық ширек финалы өтеді. Еліміздің ішкі аймақтық ширек финалы Астана мен Алматыда қатар өтпек, оның ішінде Астанаға 45 команда келді, деп хабарлайды оқу орыны.
Астана қаласы27 Қазан , 11:45

Ширек финалға Астана, Қарағанды, Ақтау, Рудный, Теміртау, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Орал, Атырау және Семей командалары қатысуда. Назарбаев университетінің Ғылым және технология мектебі және Оқуға дайындау орталығының алты студенттік командасы өз университетінің намысын қорғайды.

Университеті екі жыл қатар Астанада чемпионатты ұйымдастыруда. Жарыс Ғылым және технология мектебі және Nazarbayev University Research and Innovation System ғылыми орталығының негізінде өтеді

Аталмыш чемпионат ерекшелігі – қатысушылардың нәтижелерін бағалауды бес сағат бойы автоматтандырылған жүйе жүргізеді.

Жыл сайын Қазақстандық ширек финалға елдегі барлық жетекші жоғары білім беру орындарынан 90 командаға (әр командада 3 адамнан) дейін қатысады. Олардың ішінде – өткен жылдардағы жарыстардың қорытындысы бойынша Google, Facebook және басқа да әлемге әйгілі компанияларда кәсіби тағылымдамадан өткен, қазіргі кезде атаққа ие болған IТ мамандар бар.

Жарыс елімізде 2003 жылдан бері ұйымдастырылуда, бұл кезең ішінде 6 қазақстандық команда 2005 жылы АҚШ-та, 2006 жылы Жапонияда, 2011 жылы АҚШ-та, 2012 жылы Польшада, 2013 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатының финалына қатысқан.

Жарыстар ACM – Association for Computing Machinery қоғамдастығының қолдауымен өтеді және оған IBM компаниясы демеушліік жасап 200 млн доллар бөлген. Алғашқы рет чемпионат 1977 жылы өтті. Былтырғы жылғы әлем чемпионатында 91 елден 2300-ден астам университеттен 30 мыңға жуық студенттер командасы қатысты.

 




Яндекс.Метрика