Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

2013 жылы БҚО-да 126 әлеуметтік жобаны іске асыру жоспарланып отыр

БҚО-да үкіметтік емес ұйымдардың конгресі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан27 Қазан , 11:15

Биылғы жылы 14 бағыт бойыша 126 әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында 80 үкіметтік емес ұйымға 96 млн теңге бөлінді. Ал өткен жылы 63 млн теңге 76 үкіметтік емес ұйымға 75 әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында бөлінді.

«Үкіметтік емес ұйымдардың маңызын бағалау қиын. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік жағдайының түзелуінің негізгі қозғалтқыш күші болып табылатын демократия мен азаматтық секторды дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына айрықша мән береді. Мемлекет саясатының әлеуметтік бағытының жемісімен үшінші сектор дамудың жолына түсті. Адам құқы мен азаматтардың бақуаттылығы «Нұр Отан» ХДП-ның XV съезінде де негізгі таырыпқа айналды», - деді БҚО әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Орынбасар Облыс әкімінің атынан қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін Семей ядролық сынақ алаңы мүгедектері ұйымының төрағасы М.Бисенғалиевке, Ауғанстан ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық ұйымы төрағасы Т.Косшановқа, «Арба» ҚҚ төрағасы Г.Батпақұловаға, «Тасқала әйелдері» ҚҚ төрағасы А.Зәуғариеваға, «Радуга» славян ұлттық мәдени орталығының төрағасы В.Боричевскаяға алғыс хаттар табыстады.

Конгресске 14-15 қарашада Астанада өтетін VI республикалық Азаматтық форумның делегаттары шақырылды. Облыста 20 үкіметтік емаес ұйым, 2 мемлекттік орган мен БАҚ және «БҚО Азаматтық Альянсін» ұсынады.

 




Яндекс.Метрика