Жастарға үндеу

Павлодар облысында ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің XVI отырысы өтеді

Павлодар облысында 28-28 қазанда ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің XVI отырысы өтеді. Аталмыш шара Ғабидолла Әбдрахимовтың төрағалығымен жүзеге асады.
Павлодар27 Қазан , 10:30

Аталмыш отырысқа дейін кеңес аймақтық құлақтандыруды жалғастыруда, 2012 жылдан бастап кеңес орталық және мемлекеттік органдардың қорытынды есептерін тыңдау жүйесін енгізді. Шараның негізгі тақырыбы спорт инфраструктурасын дамыту мен жастарды спортқа тарту.

Мемлекеттік саясаттың  негізгі бағыты дене шынырықтырумен айналысатын жастарды тарту. Ең өзекті мәселелердің бірі спорттық-сауықтыру қызметін ұсынатын орталықтарды ашу.
Кеңестің дәстүрлі мүшелері ауылдық жұмысшы жастармен, студенттермен, бюджеттік саланың қызметкерлерімен кездесу өткізеді.

Сонымен қатар, тамыз айында тұңғыш жастарға қызмет көрсету орталығының тұсаукесері өтті. Жастарға арналған орталықтардың тиімді қызмет істеуіне бағыттайтын шараларды игерту үшін олардың жетекшілеріне семинар-тренинг өткізіледі.

Алдағы уақытта Кеңес жастар саясатының сараптау бағытын дамытуды көздеп отыр. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ашылған болатын.

Орталықпен біріге отырып кеңес сарапшылар жастар саясатының негізгі бағыттарын қарастыратын болады. Кездесуде сарапшылар клубына әр түрлі сұрақтар бойынша мамандар шақырылатын болады.

Жоспарланып отырған шараға жастар саясаты бойынша аймақтық басқарма жетекшілері, спорт пен білім басқармасының өкілдері қатысады.

Қатысушылар 29 қазан күні өтетін нормативті-құқықтық базадағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына қатысады.

Жұмыс қорытындысы бойынша спорттық инфрақұрылымның дамуына байланысты пакет құрылады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика