Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-ның 97 ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобасы іске қосылады – АШМ

ҚР-ның 97 ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қазан , 09:45

Жақында өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттен қолдау алған көптеген агроөнеркәсіптік кешен жобаларының тиімді қызмет етпей жатқанын айтқан болатын. Өткен жылы «ҚазАгроФинанс» 66 жобаны іске асырғанымен бұл жылы қаржыландырудың анағұрлым өскеніне қарамастан 16 жобаны құрағаны мәлім.

«2013 жылдың 20 қазанындағы жағдай бойынша, Холдингтің инвестициялық қорында 227,9 млрд теңгелік 320 инвестициялық жоба бар екені анық. Бұл жобалар республиканың 97 ауданы мен республикалық және облыстың маңызы бар 22 қалада. Ондағы жалпы жұмыс орны 12,15 мыңды құрайды», - делінген хабарламада.

Сонымен жалпы құны 159,3 млрд теңгелік 242 жоба енгізілген, соның ішінде 2013 жылы жалпы сомасы 7,87 млрд теңгені құрайтын 21 жоба қолға алынды. Жалпы 2013 жылы 68 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Аталмыш Үкіметтің отырысында ҚР Президенті қаржы жетіспеушілігі жағдайында да сауда-сатықтың тұрақты қорын қаржыландырудың тоқтатылмғанын атап өтті. Алайда осыған қарамастан, бөлінген қаражаттың шамамен 5 млрд теңгесі, яғни 40 пайызы игерілмеген. Бұдан бөлек тұрақты қорлардың қызметіне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар бірқатар өнімдердің бағасы көтеріліп кеткен. 




Яндекс.Метрика