Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

70 елдің сарапшылары Алматылық БӘДСҰ 35 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысады

2013 жылдың 6-7 қарашасында Алматыда Алматылық БӘДСҰ/ ЮНИСЕФ-тің 35 жылдығына арналған алғашқы көмек жайлы халықаралық конференция өтеді, оған 70 елдің өкілі қатысады деп жоспарлануда, деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы27 Қазан , 09:15

«Конференция өзге елдермен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттырып, алғашқы көмек көрсетуде инновациялық бағыттарды пайдалануда септігін тигізеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сондай-ақ, шарада жалпы дәрігерлік тәжірибенің қолдануы, алдын алу шараларын сараптау бағыты бойынша жетекші елдердің тәжірибесіне еліктеу талқыланады.

Айта кетерлігі, 35 жыл бұрын әлемнің 157 елі Алматылық Декларацияны қабылдаған болатын.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика