Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Астанада әскерге дейінгі жастар арасында әскери-спорттық слет өтті

Астанада әскерге шақырылуға дейінгі жастар арасындағы әскери-спорттық клубтардың слеті өтті. Қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаладағы 25 мектеп пен колледжде білім алушыларды жинады, деп хабарлайды ҚР ҚМ-ның бапасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Қазан, 09:00

Биыл алғашқы әскери-спорттық эстафетасында оған қатысушылар автоматты бұзып-құрастыру, пневматикалық мылтықтан ату және денешынықтыру бойынша 1 шақырымға жүгіріп, білтемірге тартылудан сынақ тапсырды.

ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 5 жылдығына орай өткізілген жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша № 71 мектеп-лицейдің командасы бірінші орын алды. Ал, № 4 мектеп-гимназияның оқушылары жүлделі екінші орынды иеленсе, Гуманитарлық колледж студенттері үшінші орыннан көрінді.

Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мектеп оқушылары арасындағы осындай іс-шараны тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отыр. Бұндай шаралар жастар арасында патриоттық тәрбиенің деңгейін арттырып, спорттық шеберлікті жетілдіруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және Отан қорғаушы мамандығын белсендіруге оң ықпал етеді.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика