Президент тапсырмаларының орындалуы

ТЖМ-де бизнеске рұқсат беру құжаты 80 пайызға дейін қысқарды

Қазақстанда ТЖМ беретін 199 құжат 168-ге дейін қысқарды, деп Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы26 Қазан , 14:50

«Бизнеске әкімшілік қысым түсіру жұмысы жүзеге асуда: рұқсатнама қағаздарын беру, жоспарлы және жоспарсыз тексерістерді қысқарту, халыққа мемлекеттік қызметті  көрсету көзделіп отыр. Қазіргі таңда ТЖМ беретін 199 рұқсатнама қағаз 168-ге дейін қысқарды», - деп хабарламада нақтыланған.

ТЖМ өрт және өндірістік сала бойынша 6 мемлекттік қызмет түрін ұсынып отыр.

Оған қоса ТЖМ қызметіне қауіппен қызмет істеу жүйесі енгізілуде. Ол тексерістерді қысқартады. Қорытындысында өрт сөндіру қызметі бойынша тексеріс саны өткен жылмен салыстырғанда 48 пайызға, яғни 2 есеге қысқарды.

11 қазан күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті тексеру шараларын қысқартып, кәсіпкерлікті қолдауды дамытуға тапсырма берген.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика