Президент тапсырмаларының орындалуы

2013 жылы Қарағанды облысында 750 км жол жөндеуден өтті

2013 жылы Қарағанды облысында 750 км жол жөндеуден өтті, деп мәлімдеді облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ОКҚ брифингісінде.
Қарағанды26 Қазан , 11:45

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы республикадағы автокөлік жолдарын сынағаны белгілі. Мемлекет басшысы жаңадан салынған жолдар бір жыл қолданыста болар-болмас қайта жөндеуді қажет ететінін атап, Қазақстанның әлемдегі 144 елдің ішінде жол сапасы бойынша 117 орында екенін жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, Қарағанды облысында 750 км жол жөндеуден өтті.

«Бүгінде біз өңірдің жол сапасы мен транспорттық инфраструктурасына мол басымдылық берудеміз. Биыл 750 км жол жөндеуден өтті», - деді Қарағанды облысының әкімі.

2013 жылы облыс көлемінде Астана-Темиртау автожолының жөндеу жұмыстары басталған болатын. Аталмыш жолдың Қарағанды облысына тиесілі жері 93 км.

«Қазіргі таңда осы жоба бойынша облысымызда 200 адам жұмыспен қамтылды. Бұл жолдың жөнделуі біз үшін өте маңызды. Ол біздің халықты Астанамен байланыста үлкен рөл атқарады. Жол жөндеуінің аяқталуы өңірдің алда келе жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ат салысуға мүмкіндік береді. Елордамен көрші болу облыстың дамуында үлкен ықпалы бар», - деді әкім.

Сонымен қатар, бұл жолдың жөнделуі соңғы кезде жиілеп кеткен жол-көлік оқиғасы санын азайтуға жол ашпақ.

 




Яндекс.Метрика