Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

БҚО мен Атырау облысында «Ауылдық жердегі әйелдерге шағын кәсіп» жобасы ашылды

2013 жылдың қазан айынан бастап ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету Қоры «Ауылдық жердегі әйелдерге шағын кәсіп» жобасын қолға алды, деп хабарлайды «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингінің баспасөз қызметі.
Казахстан26 Қазан , 13:40

«Ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін дамыту бойынша Қор стратегиялық тапсырманы орындау аясында Атырау облысының сегіз ауданы мен Батыс Қазақстан облысының он екі ауданы қамтылады», - делінген хабарламада.

Жобаға шамамен 400 нәзік жанды қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, аталмыш жобаны еліміздің тағы 160 ауданында да іске асыру жоспарлануда.

«Бағдарламаның енді ғана қолға алынып жатқанына қарамастан, әйелдердің кәсіпкерлікке деген қызығушылықтары артып келеді. Олардың қаржылық сауаты артып, шағын кәсіпке мемлекет қарастырған бағдарламаларынан мол хабары бар», - деп мәлімдеді «ҚазАгро» холдингі.

Жалпы ауыл шаруашылық саласындағы қаржылық қолдау Қорының құрылымындағы белсенді қатысушылар шамамен 31 пайызды құрайды. Келер жылы бұл көрсеткішті 42 пайызға дейін көтеру жоспарлануда.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика