Инфрақұрылымды дамыту

Астанадағы кіші транспорттық айналым көлік ағымын тәулігіне 90 мыңға дейін азайтады

Астанадағы 35 км кіші транспорттық айналымның 20,5 км-і салынды, деп хабарлайды Елорданың жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Р.Аманжолов.
Астана қаласы26 Қазан , 13:00

«Көлік кептелістерін азайту мақсатында 2007 жылы Кіші транспорттық айналымның құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталуы 2017 жылға жоспарлануда. Аталмыш айналымның күнделікті жалпы сыйымдылығы 90 мың көлікке дейін жетеді», - дейді басқарма бастығы.

Бүгінде 20,5 км жол, 4 транспорттық айналым, 3 өткел, 2 көпір салынды.

2013 жылы  Қорғалжын көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі салынған Бейсеков көшесі көлік ағымын күніне 30 мыңға дейін азайтты.

 




Яндекс.Метрика