Ұлттық интеллигенциясының рөлі

«Астана Опера» бірқатар әлемдік театрлармен әріптестік туралы меморандумға қол қойды

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры «Опера Еуропа» халықаралық опера қауымдастығы және сегіз әлемдік театрмен әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Қазан , 12:20

«Астана Опера» театры ОАР, Қытай, Сингапур, Италия, Франция, Болгария және Грузияның театрларымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

«Шет елдік әріптестермен ынтымақтастық мамандардың, әртістердің, орындаушы қызметкерлердің алмасуының дамуына мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

 «Астана Операның» әріптестері жан-жақты байланыстың достастық қатынастың нығаюы мен тіимді дамуға жол ашатынына сенімді.

«Ірі театр өкілдері еліміздің бас театрының мол мүмкіндігіне көз жеткізіп, бізбен байланыс құруға қызығушылық танытты», - деді «Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов.

Хабарламада айтылғандай, «Астана Опера» театрының басшылығы өзге де әлемдік театр ұжымдарымен байланыс құруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде «Ковент-Гарден» алдыңғы қатарлы әлемдік опера театрымен байланыстың бастамасы қалануда. 




Яндекс.Метрика