Шағын және орта бизнесті дамыту

Астанада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша диагностинкалық ультрадыбысты зерттеу қызметі іске қосылады

Астана қаласының айналасындағы ауылдардың тұрғындарына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында «Патронажды диагностикалық қызметі» іске қосылады, деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Қазан , 11:10

«Елорданың айналасындағы Пригородный, Интернациольный, Мичурино, Күйгенжар және басқа да елді-мекендердің тұрғындарында жақын арада қолжетімді бағамен ультрадыбыстық зерттеуден (УДЗ) өтуге мүмкіндік туады. Кәсіпкер Нұрлан Базарбаев аталмыш бастаманы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорына сүйеніп іске асыруда», - делінген хабарламада.

Бұл жоба тұрғындардың толықтай қаралуына мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

«Диагностиканың мұндай түрі жақын маңайдағы ауылдарда жоқ және халыққа қолжетімсіз. УДЗ аппараты мен осы саланың мамандары үлкен қалаларда ғана қызмет етуде», - деді Н.Базарбаев.

 




Яндекс.Метрика