Президент тапсырмаларының орындалуы

2014 жылдан бастап мал шаруашылығын қаржыландыру үштен бірге өседі

2014 жылдан бастап мал шаруашылығын дамыту үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы 35 пайызға дейін көтеріледі, деп Ауыл шаруашылығы министрлігінің бапспаөз қызметі хабарлады.
Казахстан26 Қазан , 09:45

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында 2013 жылдың 7 айы бойынша Кедендік одаққа шыққан ет экспорты нөлге теңескенін атап өткен.Ол үшін Қазақстан Беларусь елінен етті импорттап отыр. Елбасы атап өткендей, 2016 жылға дейін ет өнімін экспорттауды 60 тоннаға дейін жеткізу қажет.

« «ІМЖ етін экспорттауды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсаты бойынша тауардың деңгейін көтеру алға қойылған. Бағдарламаның жүзеге асуы 2012 жылы басталғандықтан жұмыстың нақты нәтижесін ағымдағы жылы ғана көріп отырмыз. Аталған ІМЖ сүт беретін жануарды 25 пайызға көбейтті», - деп хабарламада нақтыланған.

«Етті импорттау үрдісі қайта өңдеу кәсіпорындарымен жүзеге асады. Қазақстандық тауар өз құны бойынша беларустық өнімге жол беріп отыр», - деп АШМ хабарлады.

Айта кетерлігі, «Агробизнес-2020» бағдарламасының негізіне өнім бағаның түсуін белгілі қаржыландыру арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика