Бюджет саясаты

Ерболат Досаев 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасын Сенатқа таныстырды

Бүгін Сенат Парламентінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасына қатысты баяндамасын ұсынды, деп хабарлайды ЭБЖМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Қазан , 20:00

«2014 жылы 2013 жылғы бюджетке қарағанда 532,3 млрд. теңгеге өсе отырып 5 760,7 млрд. теңгені, 2015 жылы 2014 жылғы болжамға қарағанда 468,9 млрд. теңгеге өсе отырып 6 229,6 млрд. теңгені, 2016 жылы – 2015 жылғы болжамға қарағанда 643,8 млрд. теңгеге өсе отырып 6 873,4 млрд. теңгені құрайтыны белгілі болды», делінген хабарламада.

«2014 жылғы республикалық бюджет кірістерінде (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) салық түсімдері неғұрлым үлкен үлес салмақты (98,1 %) алып отыр. Мұнай емес секторға қатысты 2014 жылға арналған корпоративтік табыс салығы (КТС)бойынша болжам жалпы қосылған құнның болжанатын көлеміне негізделген және 1 337,5 млрд.теңге сомасында есептелді. 2015 жылға арналған ҚҚС болжамды сомасы тұтастай алғанда 1 623,3 млрд. теңгені, 2016 жылға – 1 995,6 млрд.теңгені құрайды»,-деді министр.                     

«Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын акциздер бойынша 2014 жылға арналған болжам 50,2 млрд.теңге сомасында немесе 2013 жылғы бағалауға қарағанда 51,0 %-ға өсумен айқындалған. Алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарына акциздер мөлшерлемелерін 2 есе арттыру есебінен 15,5 млрд.теңгеге ұлғаю көзделуде»,-деп толықтырды Ерболат Досаев.

Салықтық емес түсімдер бойынша 2014 жылға арналған болжам 62,1 млрд.теңге сомасында белгіленіп, 2013 жылғы бағалауға қатысты 86,9 % құрайтыны айтылды.

2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 2011 – 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы заңды қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты әзірленген «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» Заң жобасында айқындалған субвенциялар мен алып қоюлардың көлемдері ескерілгені алға тартылды.

Сенаторлар назарына баяндамасын ұсынған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев 2014 - 2016 жылдарға арналған бюджеттің шығыс бөлігінің негізгі басым бағыттарына да тоқталып өтті.

Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек саласындағы республикалық бюджеттің шығыстары 3 жылдық кезеңде 4 878,2 млрд. теңге сомасында, оның ішінде

2014 жылы ағымдағы жылғы 115 млрд. теңгеге немесе 8,4%-ға өсуге қарағанда 1 485,8 млрд. теңге сомасында жоспарланғанын хабардар етті.

Аталмыш қаражаттың басым бөлігі (92,2%) зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға әлеуметтік төлемдер төлеуге жұмсалатыны, бұл мақсаттарға 3 жылдық бюджетте 4 499,4 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы 1 357,8 млрд. теңге көзделгені, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 121,2 млрд. теңгеге немесе 9,8%-ға артық екені де атап көрсетілді.

«2014 – 2016 жылдары білім және ғылымға арналған шығыстар 1 267 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде, 2014 жылы – 399,6 млрд. теңге құрайды. Бюджетте көзделген қаражат шеңберінде Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылады, аталған мақсатқа 250,5 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы – 69,6 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр»,-деп толықтырды министр Білім беру саласындағы республикалық шығыстарға қатысты деректер тізбегін саралай отыра. 

«Балапан» бағдарламасын іске асыру жалғастырылатынын айтып өткен Ерболат Досаев, 2014 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жолымен 37,2 млрд. теңге сомасында 196,8 мың баланы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жоспарланып отырғанын да нақтылап айтты.

2014-2016 жылдары денсаулық сақтау жүйесінің шығыстары 2 035 млрд. теңгені, оның ішінде 2014 жылы – 640,8 млрд. теңге құрайтынын айта отырып, Мәдениет және ақпарат саласында үш жылдық кезеңге арналған шығыстар 191,5 млрд. теңгені, оның ішінде 2014 жылы – 64,6 млрд. теңгені құрап, ағымдағы жылға қарағанда 6,7 млрд. теңгеге өскенін мәлімдеді.

Министрдің мәлімдеуі бойынша Дене шынықтыру және спорт саласында үш жылдық кезеңдегі шығыстар 133,4 млрд. теңгені құрайтыны, оның ішінде 2014 жылға – 44,5 млрд. теңге; жоғары жетістіктер спортын дамытуға - 14,6 млрд. теңге; спорт объектілерінің құрылысына 25,4 млрд. теңге сомасында қаражат бөлу көзделгені белгілі болды.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша үш жылдық кезеңге 460,3 млрд.теңге бөлу жоспарланғаны, оның ішінде 2014 жылы - 19 млрд.теңгеге өсумен 138 млрд.теңге қаражат Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында Бағдарламаларды іске асыруға көзделгені сөз етілді. 

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға үш жылдық кезеңге 453,2 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылға - 2013 жылға қарағанда 19,2 млрд.теңгеге өсумен 155 млрд. теңге жоспарланған»,-деп түйіндеді Ерболат Досаев.

Өсімдік шаруашылығын дамытуға –40,4 млрд. теңге, оның ішінде жанар-жағар майдың құнын арзандатуға – 15,7 млрд. теңге, гербицидтерді және минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға – 19,6 млрд. теңге, мал шаруашылығын дамытуға - 41,7 млрд. теңге бағытталатыны  айтылды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Астана – Қарағанды – Балқаш – Қапшағай – Алматы» Орталық – Оңтүстік», «Астана – Павлодар – Семей – Қалбатау – Өскемен» Орталық – Шығыс», «Бейнеу – Ақтау – Түркіменстан шекарасы» жобаларын іске асыру, республикалық маңызы бар жолдар салу, реконструкциялау және жөндеу және жергілікті маңызы бар автожолдарды дамыту, тұрақты ішкі әуе тасымалдарын субсидиялау және т.б. жүзеге асыру мақсатында  үш жылдық кезеңде  994,4 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы – 104,5 млрд. теңге сомасында Ұлттық қордан нысаналы трансфертті қоса алғанда 344 млрд. теңге бөлу жоспарланып отырғаны мәлім болды.

«Ұлттық инновациялық жүйені дамыту, инновациялық белсенділікті ынталандыру, инновациялық гранттар беру мақсатында инновациялық дамуға жыл сайын 5,4 млрд. теңге, қазақстандық тауарлар экспортын ілгерілетуге және инвестицияларды тартуға жәрдемдесу үшін жыл сайын орташа есеппен 1,2 млрд. теңге, 2014 – 2016 жылдарға жалпы өңірлерде электр және жылу энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 143,1 млрд. теңге, ал 3 жылдық бюджетте елді мекендерді магистралдық газбен жабдықтау үшін 47,6 млрд. теңге, 2014 – 2016 жылдары қорғанысқа, төтенше жағдайлардың алдын алуға, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметтерін қамтамасыз етуге 2 899,5 млрд.теңге, оның ішінде 2014 жылы 975,5 млрд. теңге сомасында қаражат бөлу көзделіп отыр»,-деп қорытты министр. 

 




Яндекс.Метрика