Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

ҚР Қарулы Күштерінде авиация бағыттаушыларының жиыны өтуде

Алматы облысындағы «Қазақстан» полигонында авиация бағыттаушыларының жиыны өтуде, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы25 Қазан , 18:06

«Биылғы жиынға Қазақстан Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Аэроұтқыр әскерлерлерінің әскери қызметшілері тартылған», - деп хабарламада нақтыланған.

Жаттығу жиынына қатысушылар бір ай бойы жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі авиациялық техниканы басқарудың теориялық және практикалық мәселелерін пысықтайтын болады.

Курстық даярлықтың соңына қарай жаттығу жиынына қатысушыларға «Алдыңғы шептегі авиация бағыттаушысы» мамандығы бойынша толық даярлық курсынан өткендері туралы куәлік табыс етілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика