Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Қазақстандық машинақұрылыс өнімінің экспорты 2013 жылы 734 млн долларды құрады

2013 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша машинақұрылыс өнімі 734 млн долларды құрады, деп хабарлайды Қазақстан индустрия даму институтының баспасөз қызметі.
Казахстан25 Қазан , 18:25

«Ең көп экспортталатын отандық өнім цилиндрлік роликті подшипниктер, тұрбақұбырына арналған ұқсас сыйымдылығы бар арматура мен автомобиль қозғалтқыштарына свинцтік аккумулятор», - делінген хабарламада.

Институттың мәліметінше, отандық экспорт сараптамасы оң бағаны көрсеткен. Осыған сай машинақұрылысы өнімдерінің импортында да өсімнің байқалатыны анық. Мысалға, 2013 жылы бұл көрсеткіш 11,3 млрд долларды құраған.

Хабарламада айтылғандай, ең көп импортталатын өнімдер қатарында жеңіл автокөлік құрылысы тауарлары (жеңіл және жүк көліктері), жоғары технологиялы өнімдер (ноутбуктер мен ұялы аппараттар), сонымен қатар өңдеу қондырғылары жатады.

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика