Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Серік Ахметов Алматы облысының бірқатар кәсіпорындарын аралады

Бүгін,25 қазан ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Іле ауданының кәсіпорындарына барды.
Алматы25 Қазан , 16:55

«Алдымен жергілікті құс фабрикасында болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпорында жылына 16 мың тонна құс етін өндіретін бройлер фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Құны 4,5 млрд теңгелік жаңа кәсіпорынды іске қосу 2014 жылдың бірінші жартысына жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру 300-ден артық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сондай-ақ, С.Ахметов «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС-ға барды. Кәсіпорында ғылыми-өндірістік зерттеулер жүргізіліп, ауа баптағыш техникалар жасалады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында зауыт өндіріс көлемін, экспорт аумағын кеңейтіп және жұмыс орыны санын арттырды.

Бүгінде шығарылған өнім түрлері 100-ден астам атауға ие. Зауыттың жобалық қуаты - жылына 120 мың бірліктен жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика