Президент тапсырмаларының орындалуы

«БЖК-2020» бағдарламасының басынан бастап Қарағанды облысында 292 жоба мақұлданды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының үйлестіру кеңесі 63,2 млрд теңгені құрайтын 292 жобаны мақұлдады, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Қарағанды25 Қазан , 15:43

«Қарағанды облысының әкімдігі шағын және орта бизнестің дамуына үлкен көңіл бөледі. Жобаны жүзеге асыру қорытындысында кәсіпорындарда 33 мың жұмыс орны сақталып, 6,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Бағдарламаның қатысушылары бағдарлама бойынша 9 млрд салық аударған», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, бағдарламаның арқасында банк қарыздарының бағасы арзандады.

«Проблемалық сұрақтар да кездеседі. Бұл ауылдық жерлерде ликвидті салықтың жоқтығынан , банктердің филиалдарының жоқтығы болып табылады. Бұл сұрақтар жүйелік шешілуді талап етеді және бағдарламаға қатысушылардың қызығушылығын арттырғанды қарастырады», - деп ішкі саясат басқармасы хабарлады.

 Оған қоса, облыс әкімдігі бағдарламаға қатысушылардың жетістіктерін арттыратын жұмыстар қолға алынады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің субъектілерін қолдау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орындалуда.

Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында «БЖК-2020» бағдарламасы қандай облыстарда әлсіз жұмыс жасап жатқандығын атап өткен. Ол БҚО, СҚО, Маңғыстау , Қарағанды облыстарында субсидияға шығып несие алу жұмыстары баяу жүріп жатқандығын айтты.

 

 

 




Яндекс.Метрика